375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық православтар діни мерекені атап өтті

  • 109
  • UPD: 13:40, 07.01.2020
Қарағандылық православтар діни мерекені атап өтті

Қарағандылық православтар таңмен таласа шіркеуге ағылып, өздерінің діни мерекесін атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кету керек, бұл – қала орталығындағы құрылысы әлі күнге жүріп жатқан жаңа Троица-Севастьян шіркеуіндегі алғашқы Рождество. Құлшылық рәсімдерін аяқтаған соң жиналған қауым туған-туыстарымен кездесіп, дастархан жаяды. Себебі бүгін православтардағы 40 күндік ауыз бекіту аяқталады. Әдетте бұл мерекеге орай 12 түрлі тағам әзірленеді. Оның арасында христиандықтың белгісі – балық тағамы міндетті түрде болуы тиіс. Ал түстен кейін қала тұрғындары Введенск шіркеуінде арнайы ұйымдастырылған концертті тамашалай алады.

Александр Угольков, протоиерей:

Санаулы күндер бұрын ғана біз жаңа жылды қарсы алдық. Ал, анығында христиандар үшін нағыз жыл басы осы Рождество мерекесімен тұспа-тұс келеді. Бұл біз үшін өте маңызды мейрам. Адамдарды бір-біріне жақындастыратын, жылулық сыйлайтын керемет күн.

Хабар 24 телеарнасы