425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дәурен Абаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

  • 525
  • UPD: 14:40, 07.01.2020
Дәурен Абаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев та еліміздегі православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомство басшысы елордадағы Свято-Успенский кафедралды шіркеуіне барып, жиылған жұртқа жылы лебізін білдірді. «Бұл мереке – отандастарымызды біріктіре түсіп, елдегі бірлік пен ынтымақтың артуына септігін тигізді», деді.

Одан бөлек, қазақстандықтар діни көзқарастарына қарамастан, маңызды діни мерекелерде бір-бірін ұдайы құттықтап жататынын тілге тиек етті.

Хабар 24 телеарнасы