376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық дәрігердің жазып бергенін төрт дәріханада ешкім оқи алмаған

  • 155
  • UPD: 14:48, 07.01.2020
Елордалық дәрігердің жазып бергенін төрт дәріханада ешкім оқи алмаған © ves-novgorod.ru

Елорда тұрғыны дәрігердің жазып берген қағазын өзі барған төрт дәріханада ешкім түсіне алмаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қыз бала дәрігердің жазғанынын оқи алатындар бола ма деген үмітпен Instagram желісіндегі zhaloby_astana парақшасында көмек сұрапты.

«Қайырлы түн! Мені кеше кешкісін жедел жәрдем ауруханаға алып келді, дәрі жазып берді. Жақын маңдағы төрт дәріханаға бардым. Бірде бір фармацевт дәрігердің жазуын түсіне алмады. Бұл қалай? Мен кеше емделмедім. Таңда не боларын білмеймін. Біреу түсіндіріп бере ала ма, мен жылдам дәріханаға барып келейін. Ауыртпалық бар, ем жоқ», - деп жазды қыз бала.

 

Пікір қалдырушы қазақстандықтар қызға көмектеспек болды. Алайда олар да түсіне алмай дал болды. Дәрігердің кәсіби жазуын олар әзілге айналдырды.

 

Хабар 24 телеарнасы