429,68 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің православ христиандары үшін 40 күндік ауыз бекіту аяқталды

  • 646
  • UPD: 20:21, 07.01.2020

Рождество мерекесі еліміздің барлық өңірінде атап өтілді. Қарағандылық христиандар құрылысы толық аяқталып бітпеген Троица-Севастьян шіркеуіне  барып, құлшылық етті. Ізінше, жақындарымен жолығып, арнайы дастархан жайды. Мерекеге орай 12 түрлі тағам әзірленген. Православ христиандары үшін бүгін 40 күндік ауыз бекіту аяқталды. 

Александр Угольков, протоиерей:

- Санаулы күндер бұрын ғана біз жаңа жылды қарсы алдық. Ал анығында христиандар үшін нағыз жыл басы осы Рождество мерекесімен тұспа-тұс келеді. Бұл біз үшін өте маңызды мейрам. Адамдарды бір-біріне жақындастыратын, жылулық сыйлайтын керемет күн. 

Теріскейдегі христиандар да бұл күнді құлшылық етуден бастады. Айтуларынша, Рождество мерекесі жұртты бірлік пен ынтымаққа, татулық пен сүйіспеншілікке үндейді. Иса пайғамбардың туған күні – олар үшін ең ұлық мереке. Бұл күні шырақ жағып, діни жоралғыларын жасайды. Бір-бірін құттықтап, ізгі тілектерін арнайды. Сонымен қатар діни әндер айтып, түні бойы кезекшілік атқарады.    

Антон Гуторов, қала тұрғыны:

- Кез келген адам діни нанымына қарамастан отбасының амандығын, елдің тыныштығын тілейді. Бәрі бір–біріне мейіріммен қараса дейміз. Әрқашан бейбітшілік болсын. 

Ал Алматыдағы христиандар Рождество мерекесін жақында ғана күрделі жөндеуден өткен Вознесенск шіркеуінде атап өтті. Көне нысан өткен ғасырдың басында тұрғызылған. Оны жөндеуге 2 млрд теңгеден аса қаражат жұмсалды. Бұрын бұл шіркеуді қоғамдық ұйымдардың кеңселері ретінде пайдаланған. Кейін, орталық музей болды. Жөндеу жұмысына жауапты болғандар нысанның бағзы қалпын сақтап қалуға тырысқан екен. 

Александр Суворов, протоиерей:

- Қайта қалпына келтіру жұмыстары ғимаратты 100 пайыз қамтыды. Шіркеудің төбесінен бастап, іргетасына дейін қайта жасалды. Тіпті айналасы да ғимараттың тарихи рөліне сай қайта жасалды.

Хабар 24 телеарнасы