376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АӘК жүйесі: жағымды жаңалыққа Жайық жұрты қуанып отыр

  • 116
  • UPD: 22:46, 07.01.2020
АӘК жүйесі: жағымды жаңалыққа Жайық жұрты қуанып отыр

Орал өңірінде өткен жылы 12 мың жанұя 7 миллиард теңгенің атаулы әлеуметтік көмегін алса, соның 3 мыңнан астамы көп балалы шаңырақ екен. Ал жаңа жылдың алғашқы күндері 7 мың 200 көп балалы батыс қазақстандық отбасы мемлекет қолдауын айқын сезінді.

Жәрдемақы төлеудегі тың өзгерістерге сәйкес, биылдан бастап 4 және одан да көп балалы жанұяларға қаржылай қолдау табыс көзіне қарамастан көрсетілмек. Жағымды жаңалық Жайық жұртшылығын да қуантып отыр. Бүгін осы сала мамандары Орал қаласындағы көп балалы аналармен кездесіп, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын жан-жақты түсіндірді.  

Арайлым Байзуханова, көп балалы ана:

- Ешқандай табысқа қарамай ақша беріп жатқаны тиімді. Мен өзім алған жоқпын. Ешқандай көмек алған жоқпын. Тек ғана баланың туылуына байланысты алдым да. Күні кеше ақша түсті. Сонда енді өте қатты көмек деп ойлаймын.

Ділда Ысқақова, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

- Атаулы әлеуметтік көмек төлеу тәсілдеріне өзгерістер жаңадан енгізіліп, жаңадан 3 бағытта төлеу бойынша жұмыстар басталды 5 қаңтардан бастап.  3 бағыт дегеніміз бірінші бағыт көп балалы отбасыларға кәмелетке толмаған 4 және одан да көп балалары бар отбасыларға мемлекет  жәрдемақы төлейді. Бұл бағытта 7200-дің  үстінде отбасы осы атаулы әлемуеттік көмекті алып, құжаттарын тапсырып, тағайындалып, күні бүгін жәрдемақы алып жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы