413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«100 жаңа есімнің» алматылық жеңімпазы қаладағы өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысқан

  • 565
  • UPD: 11:22, 08.01.2020

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына Алматы облысынан Елдар Сапаров енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық «Азаматтық альянс» пен консалтингтік орталықтың жетекшісі қоғам аталымы бойынша жеңімпаз деп танылды. Ол 2017 жылдан бері үкіметтік емес ұйымдарға кеңес беру орталығына басшылық етіп келеді. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға өз үлесін қосып, бірлестіктерге жан-жақты қолдау көрсетеді. Соның нәтижесінде өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы жандана түскен. Мәселен, бұрындары өңірде небәрі 200-ге жуық қоғамдық бірлестік тұрақты түрде жұмыс істеген. Ал қазір олардың саны 400-ден асты. Белсенді жас Арыс қаласындағы жарылыстан жапа шеккендерге көмектесу үшін акция ұйымдастырып, апат аймағына 5 тоннаға жуық киім-кешек, азық-түлік жөнелткен болатын. Жігерлі жанның осындай еңбегі еленіп, ел сенімін арқалаған жүз жастың қатарынан орын алды.

Елдар Сапаров, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы:

– Жалпы қоғам болып осы жобаға ұсынды. Барлығы бір ауыздан дауыс беріп, маған 11 мыңнан аса адам қолдау білдіріп, дауыс берген екен. Соның нәтижесін көргенде қуандым. Жалпы істелген жұмыстың нәтижесі ретінде көрінді. «100 жаңа есім» жобасында жеңімпаз болу тек мақтаныш емес, үлкен жауапкершілік жүктейді.

Елдар Сапаров – қоғам белсендісі ғана емес, қаладағы ең жас мәслихат депутаты. Халық қалаулысы өкілеттігін пайдалана отырып, шаһардағы өзекті мәселенің шешілуіне атсалысып келеді. Мәселен, №13 мектепті күрделі жөндеуден өткізуге депутаттық сауал жолдап, қаржы бөлінуіне ықпал еткен.

Қымбат Тұрысбекова, ата-аналар комитетінің төрайымы:

– Бұрын мектебіміз суық болатын. Балалар пәлтемен отыратын. Қазір кабинетіміз жылы.

Хабар 24 телеарнасы