377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Air Astana ұшақтарының бағыты өзгерді

  • 385
Air Astana ұшақтарының бағыты өзгерді

Air Astana әуе компаниясы Алматыдан және Нұр-Сұлтаннан Дубайға ұшатын ұшақтарының бағытын өзгертті, хабарлайды «Хабар 24».

Енді компанияға тиесілі әуе кемелері Біріккен Араб Әмірліктеріне Ирак және Иран мемлекеттерінің әуе кеңістігін айналып өту арқылы жетеді. Салдарынан ұшу уақыты өзгереді. Мәселен, Нұр-Сұлтан - Дубай бағыты 55, ал Дубай - Нұр-Сұлтан бағыты әдеттегіден 35 минутқа ұзарады. Алматы - Дубай және керісінше бағыттағы өзгеріс 20 минуттың шамасында.      

Хабар 24 телеарнасы