380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада оқушылар арасында республикалық дебат өтті

  • 211
Елордада оқушылар арасында республикалық дебат өтті

Елордада «Білім-Инновация» және «Білім орда» халықаралық қоғамдық қорларына қарасты білім беру мекемелері оқушыларының арасында республикалық дебат өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пікірсайысқа еліміздің бірнеше қаласынан дарынды жастар келіп, бақ сынады. Ақтық кезеңге 4 команда шықты. Ал олардың арасынан оза шапқан үздік топқа 380 мың теңгенің сертификаты табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – оқушылардың өй-өрісін кеңейтіп, өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету.

Хабар 24 телеарнасы