425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мас жүргізушілер 15 тәулікке қамалады – ІІМ

  • 1100
  • UPD: 17:34, 08.01.2020
Мас жүргізушілер 15 тәулікке қамалады – ІІМ

Өткен жылы елімізде мас көлік жүргізушілердің кінәсінен 716 адам жарақат алып, 98 адам қаза болған.

Осыған байланысты жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілік қатаңдатылды.

«Егер жүргізуші мас күйінде көлік тізгініне отырса, жол апаты болмаса да 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынатын болады. Сонымен қатар ол жүргізуші куәлігінен 7 жылға дейін айырылады. Қайталанған жағдайда қамау мерзімі 24 тәулікке артады, ал жүргізуші куәлігінен 8 жылға айырылады», - деп мәлімдеді Тергеу департаменті бастығының орынбасары Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Ал адамдарға зиянынын тигізе отырып жол апатын жасаған жағдайда мас жүргізуші қылмыстық тәртіпте 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады және көлік басқару құқығынан 10 жылға дейін айырылады.

«Ал осындай жағдайлар адам өліміне әкеліп соғатын болса, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан, ал көлік басқару құқығынан 10 жылдан бастап өмір бойына дейін айырылуы мүмкін», - деді С.Әділов.

Хабар 24 телеарнасы