Қуанышты жаңалық туралы зообақтың facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.
«Құрметті достар! Бізде жағымды жаңалық! Зообағымызда ягуар күшіктеді. Кішкентай, ұрғашы ягуар қолайлы жағдайда өсіп келеді. Денсаулығы жақсы. Баршаңыздан құттықтаулар мен ізгі тілектер қабылдауға әзірміз», – делінген жазбада.
Сонымен қатар, алматылық мамандар оған ат қоюға арнайы байқау жариялап, оқырмандардан ұсыныс күтетіндерін жеткізді.
