376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысы тұрғындарының 86,6% медициналық сақтандырылған

  • 103
  • UPD: 17:53, 08.01.2020
Қызылорда облысы тұрғындарының 86,6% медициналық сақтандырылған

Қызылорда облысы тұрғындарының 86,6%-і медициналық тұрғыда сақтандырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қызметтерді кедергісіз пайдалана алады. Жалпы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін жарналар мен аударымдар бірнеше форматта жүргізіледі. Оған жұмыс берушінің  жұмысшыға аударатын аударымдары, жеке кәсіпкерлердің өздері үшін төленетін жарнасы және өзін өзі жұмыспен қамтушылардың жиынтық төлемі кіреді. Ал әлеуметтік аз қамтылғандар мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Сондай-ақ емханалық, жедел жәрдем, санавиация қызметтері мен әлеуметтік мәні бар науқастарға тегін медициналық көмек кепілді көлем негізінде көрсетілетін болады. Жалпы облыстың медициналық мекемелерінде 800 мыңнан астам адам тіркелген.

Бақыт Исмаханбетов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ ҚОФ директоры:

- Бұл жүйені екі рет кейінге шегеруге басты себеп болған контингент – ол өзін өзі жұмыспен қамтып отқан азаматтар болатын. Ол азаматтар үшін мемлекетіміз 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай әлеуметтік жиынтық төлем деген төлем түрін енгізіп қойған. Ол көп ақша емес. Бір минималды есептік көрсеткіш дейміз. 2615 теңге болып бекітілді 2020 жылға. Қалалық жерде тұратындар ай сайын осы МРП көлемінде ақшасын төлейді. Ауылды жерде тұратындар сол соманың 50%-ін, жартысын төлейді.

Хабар 24 телеарнасы