375,77 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда хакім Абайға ескерткіш орнатылады

  • 180
  • UPD: 18:45, 08.01.2020
Көкшетауда хакім Абайға ескерткіш орнатылады

Бұл туралы бүгін қала әкімі Амангелді Смайылов журналистермен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Шаһар басшысының айтуынша, қазір мүсіннің түрлі нұсқалары талқыланып жатыр. Ал, оның нақты қай жерге қойылатыны әзірге белгісіз. «Жалпы 2020 жылы облыс орталығында біраз оң өзгерістер болады», - дейді, қала әкімі. Себебі, күзде өтетін Қазақстан – Ресей ынтымақтастық форумына орай жаңа нысандар бой көтереді. Мәселен, қазірдің өзінде бірнеше көше жөнделіп, жиынға келгендер бас қосатын «Болашақ сарайы» салынып жатыр. Ең бастысы, Қопа көлінің жағасындағы ескі үйлер сүріліп, жағалаудың біраз бөлігі абаттандырылмақ. Айталық, бүгінде көлге Қылшақты өзені келіп құятын тұстан жаңа көпір тұрғызылуда. Онымен қоса, көлді жағалай жол да салынады. Бірақ қамыс қаптап, күл-қоқыс басып, қаланың сәнін кетіріп тұрған өзен мен көлді тазалау мәселесі әлі күнге дейін шешілмей келеді.

Амангелді Смайылов, қала әкімі:

- Қопа көлін тазалау мәселесімен қазір облыстық табиғатты пайдалану басқармасы айналысып жатыр. Олар бірнеше кезеңнен тұратын жоба әзірлеуде. Ол биыл мемлекеттік сараптамаға ұсынылады. Ал, Қылшақты өзенін тазалаудың жобалық-сметалық құжаттары дайын. Оны іске асыруға биыл кірісеміз деп ойлаймын. Жоба бойынша өзен толық тазаланып, екі жағына тротуар салынады. Бірақ бұлар өте ауқымды жұмыстар болғандықтан, бірнеше жылға созылады. Дегенмен, алдағы жылдары сөзсіз орындалады.

Хабар 24 телеарнасы