380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында әлдекімдер ерекше қорғауға алынған құланды атып кеткен

  • 122
  • UPD: 20:46, 08.01.2020
Қостанай облысында әлдекімдер ерекше қорғауға алынған құланды атып кеткен

Торғай даласына «Алтын-Емел» қорығынан әкелінген құландардың бірін әлдекімдер атып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қорықшылар құланның кесілген басы мен мойнына тағылған GPS құрылғыны тауып алды. Олар қабылдағыш қозғалмаған соң күдіктеніп, іздеу салған. Қызыл кітапқа енген жануар Арқалықтан 70 шақырым қашықтағы Қайыңды ауылының маңында атылған. Алайда, қорықшылар Арқалық қалалық ішкі істер бөліміне кеш хабарлаған. Арада сегіз күн өткенде құлан құлаған аумаққа барған полиция қызметкерлері «спутниктік қарғыбаудан басқа еш айғақ таппадық», деп отыр. Айта кетелік, Орталық Қазақстанда құландардың популяциясын қалпына келтіру мақсатында былтыр 9 құлан далаға жіберілген болатын.

Талғат Ахметов, жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы:

- Басты таппаған себебіміз – оны жабайы аңдар алып кетуі мүмкін. Өйткені координат бойынша бардық ол жерде бас жоқ. Тергеу жүріп жатыр, Қылмыстық іс деп те айтуға әлі бола қоймайды. Алайда 337-бап бойынша биыл тіркеліп тұрған бірінші іс биылдық.

Хабар 24 телеарнасы