377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте еріктілер атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолғабыс етуде

  • 194
  • UPD: 21:49, 08.01.2020

Шымкенттегі волонтерлер атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжат тапсыруға келгендерге көмектесіп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

80-нен астам ерікті жұмыспен қамту орталығы мен аудандық әкімдіктер жанынан ашылған құжат қабылдайтын орындарда таңнан бастап қызмет көрсетеді.

Олар келгендердің кезегін реттеп, тұрғындарға берілетін көмек жайын түсіндіреді. Жалпы қалада жыл басынан бері мыңнан астам көп балалы ана атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген екен.

Қуандық Жанысбаев – осындағы халыққа көмек беруге келген жастың бірі. Ол біраздан бері ерікті ретінде еңбек етіп келеді. Оның соңынан ерген жастар да жетерлік. «Шымкент еріктілері» қозғалысын құрған Қуандық қаладағы жоғары оқу орнында студент. «Атаулы әлеуметтік көмек алуға ниетті көп балалы аналарға қолғабыс жасау – міндетім», - дейді ол.

Қуандық Жанысбаев, ерікті:

- Еріктілердің жұмысы – келген адамдарды қарсы алып, түсіндірмеген жерлерін түсіндіріп, мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне таныстырып, қай ауданға байланысты, қай жерге байланысты біз бағыт беріп, оларға көрсетіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Нұрбек Байбосын, тілші:

- Жаңа жылдан жаңа тәртіпке көшкен атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау алғашында алфавиттік кестемен жүзеге асатын болып жоспарланған. Алайда, бірінші болып құжат тапсыруға асыққан көпшілік міне, мынадай кезек нөпіріне тап келуде.

Еріктілердің ісі көпшіліктің көңілінен шыққандығы да анық. Олар мұнда тек бағыт-бағдар беріп қана қоймайды. Қажет кезде атаулы әлеуметтік көмек алу тұрғысындағы заңды да түсіндіреді. «Мұндай қолғабыс етуші азаматтар халыққа қызмет көрсететін түрлі орталықтарға қажет», - дейді тұрғындар.

Эльвира Сағындық, қала тұрғыны:

- Атаулы әлеуметтік көмек бойынша келдім. Бұл жақта еріктілер қарсы алып алды. Қай жаққа барарымызды білмей тұрғанымда, маған бағдар беріп отырды. «Мына жаққа барасыздар» деп. Өзіме керек ақпаратты алдым.

Еріктілер келгелі атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдайтын жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің де жұмысы жеңілдепті. «Қазір олардың білімдерін жетілдірудеміз», - дейді сала мамандары.

Әсет Шағдат, қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары:

-Еріктілер ең бастысы – келген халыққа жаңа АӘК түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Сол жөнінде. Маманға дейін, яғни, құжат тапсырғанға дейін тұрғындар еріктілерден түсіндірме жұмыстарын алып жатыр. Былай байқап қарасақ еріктілердің көп көмегі тиіп жатыр.

Қазір жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау 4 аудандық әкімдікте қатар жүруде. Мәселен, біз Қаратау ауданының халқымен жүздестік. Сөзіне құлақ астық.т

Индира Жаңашова, көп балалы ана:

-«Қайтпас-1-2, Асар, Таскен, Тассай, Нұртас, Нұрсәт» деп бәрі жіберді осында. 5 адам қабылдап жатыр, «бұл жақтан кезек күтпеңіздер», деді. Енді бұл жаққа келсек, бір-ақ адам қабылдап жатыр.

Мұнда да еріктілер келушілерге көмегін көрсетуде. «Кезегін күткен аналарға алдағы уақытта су мен ыстық шай беру ойымызда бар», - дейді олар.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов

Хабар 24 телеарнасы