431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы ұшақ апаты: 21 адам әлі ауруханаларда ем қабылдауда

  • 193
  • UPD: 21:57, 08.01.2020
Алматыдағы ұшақ апаты: 21 адам әлі ауруханаларда ем қабылдауда

27 желтоқсан күні Алматы маңында болған ұшақ апатынан зардап шеккен жолаушының бірі әлі жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері арнайы брифингте хабарлады.

Айта кетейік, апат болған күні түрлі жарақаттарымен 52 адам ауруханаға жеткізілген болатын. Олардың 9-ы бала. Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде 31 азамат емделіп, отбасына оралған. Ал, 21-і әлі де қаладағы ауруханаларда ем қабылдауда. Олардың ішінде екі бала балалар ауруханасында жатыр. Осы емдеу мекемесінің бас дәрігері Абай Құсайыновтың айтуынша, олар да ертең үйлеріне шығады.

Айта кетейік, ұшақ апатынан зардап шеккендердің 4-еуі Нұр-Сұлтан қаласындағы травматология-ортопедиялық ғылыми-зерттеу орталығына ауыстырылған.

Тілеухан Әбілдаев, Алматы қ. қоғамдық денсаулық басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

- Жансақтау бөлімінде жатқан азаматтың жағдайы туралы айтсақ, бұл біздің өзіміздің әріптесіміз. Медицина саласының қызметкері, Нұр-Сұлтан қаласында тұрады, өзі ол кісіге сол жерде екі кезеңді қол сүйегінің сынуына байланысты ота жасалған болатын. Соған байланысты жансақтау бөлімінде бақылау ыңғайлы болғандықтан ұстап отыр. Ал ол кісінің жағдайы күн өткен сайын жақсарып келеді.

Хабар 24 телеарнасы