380,93 420,00 6,10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдық полицейлер көлікке сырғанақ тіркеп, бейнеролик түсіргендерді ұстады

  • 124
  • UPD: 22:32, 08.01.2020
Петропавлдық полицейлер көлікке сырғанақ тіркеп, бейнеролик түсіргендерді ұстады

Петропавлдық полицейлер көлікке сырғанақ тіркеп, бейнеролик түсіргендерді ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол ережесін өрескел бұзған 19-20 жастағы бұл азаматтардың ісін енді сот қарайды. Белгілі болғаны, олардың ешқайсысы жұмыс істемейді. Біреуі жақында Ресейден келіпті.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Шығыс Қазақстанда дәл осылай көлікке тіркелген сырғанақ жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, екі азамат көз жұмған еді.

Шәмшиден Ақышов, қалалық ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары:

- Автокөліктің иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік кодекстің 593-бабаның 2-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Және де үш Петропавл тұрғындарына әкімшілік хаттама толтырылды. 434-бап бойынша. Материал жиналып, әкімшілік сотқа жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы