377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да браконьерлерден бір тоннадан астам балық тәркіленді

  • 92
  • UPD: 22:39, 08.01.2020
БҚО-да браконьерлерден бір тоннадан астам балық тәркіленді

Батыс Қазақстанда балыққа көз алартқандар көп. Соңғы дерек бойынша жол талғамайтын көлікті тоқтатып, тексеру кезінде бір тоннадан аса балық тәркіленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірнеше қапқа сазан, тұқы, шортан және жайын салынған. Жүргізушінің айтуынша, балық Атырау облысының аумағында ауланған. Алайда, ұсталғандардың балық аулуға рұқсаты болмаған. Қазір өңірде бір айға созылатын «Браконьер» атты жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр.

Еламан Валиев, Табиғат қорғау полициясының аға инспекторы:

- Тергеу амалдары жүріп жатыр. Нақты шешім ертең сараптама қорытындысы шыққаннан кейін шығады. Бұл балықтың тамаққа қолдануға болатынын болмайтынын сараптама шешеді.

Хабар 24 телеарнасы