429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


18 жасқа дейінгі балалар тегін дәрі-дәрмекпен қамтылатын болды

  • 926
  • UPD: 22:49, 08.01.2020
18 жасқа дейінгі балалар тегін дәрі-дәрмекпен қамтылатын болды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 18 жасқа дейінгі балалар тегін дәрі-дәрмекпен қамтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлығы 192 түрлі дәрі беріледі. Оның 157-сі сатып алынды. Қызуды түсіретін, қабынуға қарсы және антибиотиктер қоймаларда дайын тұр. Бұлар ең жиі қолданылатын препараттар. Олар жақын арада үлестіріледі. Бұл туралы бүгін тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген брифинг барысында айтылды.

Хабар 24 телеарнасы