376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында биыл тоғыз елді мекенге газ беріледі

  • 163
  • UPD: 22:55, 08.01.2020
Жамбыл облысында биыл тоғыз елді мекенге газ беріледі

Былтырдан бері өңірде құбыр тарту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бағытта республикалық және облыстық бюджеттен 6 миллиард 600 млн теңге қарастырылған. Жоба толықтай жүзеге асса, аймақтағы 101 мың тұрғыны бар 86 ауылға көгілдір отын кіреді. Бұл 2021 жылға жоспарланып отыр. Дәл қазір облыстағы 377 елді мекеннің тең жартысында газ бар. Мамандардың айтуынша, 2027 жылға қарай аймақтағы барлық ауыл газбен қамтылады.

Мәулен Қожақов, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бас маманы:

- 2019 жылы республикалық бюджеттен 4 ауданға және облыстың бір ауданына газ құбырын жеткізетін құбыр құрылысына қолдау тауып, құрылыс жұмыстары басталған. 2020 жылғы бұл іс-шараны әрі қарай жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 6,6 милиард теңгеге қолдау тауып, құрылыс жұмыстарын көктем айларында бастауды жоспарлаудамыз.

Хабар 24 телеарнасы