378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі облыстық аурухана науқастарды тамақтандырудың жаңа тәсіліне көшті

  • 154
  • UPD: 23:09, 08.01.2020
Өскемендегі облыстық аурухана науқастарды тамақтандырудың жаңа тәсіліне көшті

Енді ондағы науқастар бұрынғыдай буфетке бармайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ас-ауқатты медицина мамандары палатаға өздері әкеліп береді. Піскен ас суымауы үшін термоқорапқа салынады. Барлық санитарлық және диеталық талаптар қатаң сақталады. Ең бастысы – түрлі диагнозбен жатқан сырқаттар тамақтану кезінде бұрынғыдай аралас-құралас жүрмейді. Сөйтіп, санитарлық-гигена сақталады. Әзірше жаңа әдісті облыстық аурухананың кардиологиялық бөлімі қолға алған. Егер тиімділігін көрсетсе, бұл жоба аймақтағы басқа ауруханаларға да енгізілмек.

Серікбай Сәрсеев, қала тұрғыны:

- Бұрын үйден қалақ, ыдыс-аяқ бәрін әкелетенбіз. Қазір өздерінде мынаның ішінде бәрі түгел дайын.

Төлеген Жігітаев, облыстық аурухананың бас дәрігері:

- Мәселен, тыныс жолдары ауыратын науқастар хируригия бөлімінде жатқандармен жалпыға ортақ буфетте бірге тамақтану дұрыс емес. Сол үшін ас мәзірін әрбір бөлімдегі науқастың палатасына апарып беруді қолға алдық. Осылайша, санитарлық талапты күшейттік.

Хабар 24 телеарнасы