378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында жүк көліктерден жол бүлініп жатыр

  • 151
  • UPD: 08:41, 09.01.2020
Жамбыл облысында жүк көліктерден жол бүлініп жатыр

Жамбыл облысында жүк көліктерінің салмағынан жолдар бүлініп жатыр. Кен орындарында ғана жүруге рұқсат етілген ауыр көліктер  қала көшелерінде емін-еркін жүйткіп жүр.

Салдарынан жуырда ғана төселген асфальт жолдар әбден мүжіліп, ой-шұңқырлар пайда болған. Өткен жылы жолдардың жағдайын тексеруге «Ұлттық жол активтері сапасы» орталығының мамандары 300 рет шығып, қажетті сынама алған. Нәтижесінде 92 талапқа сай келмеу дерегі анықталып, ескерту берілді.

Алайда бүгінгі күнге дейін 11 нысанға қатысты мәселе әлі де шешілмей отыр. Тіпті соңғы үлгідегі технологиямен төселді деген «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының өзі отыра бастаған. «Ұлттық жол активтері сапасы» орталығының мәліметінше, «Алматы-Ташкент-Термез» бағытындағы жолдың кей бөліктері бүліне бастаған. Мамандар мұны жолдардағы тиісті бақылаудың жоқтығынан көріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы