378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттік кадрлық резервке іріктелген жасқа мемқызмет туралы ұсыныс түскен

  • 172
  • UPD: 12:34, 09.01.2020

Қазақстанға жақсы маман, білікті басшы керек. Осы мақсатта былтыр елімізде Президенттік жастар кадрлық резерві жасақталды. Бұл алдағы уақытта мемлекетті басқаратын білімді әрі білікті жастардың шоғыры.

Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеудің алты кезеңінен сүрінбей өткен 300 адамның бірі Олжас Сәкенов. Алғашқы мамандығы тарих, экономика және құқық негіздері пәнінің мұғалімі. Алайда заман талабына сай бейімделе білген жас маман бүгінге дейін бірнеше салада қызмет атқарды. 2009 жылы «Нұр Отан» партиясының жастар кадрлық резервіне енген.

Олжас Сәкенов, президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі:

- Ол жобада біз мыңнан астам үміткер қатысып, соның ішінен 31 бала, бүкіл Қазақстаннан жиналған жас буын көшбасшыларды жинаған. Соған іріктеп алынғанмын. Ол жоба өте жақсы өтті деп есептеймін өзім. Өйткені біз мемлекеттік басқару академиясынан оқудан өттік. Басқа да мемлекеттік басқару органдарынан, ұлттық компаниялардан тәжірибе жинақтап, стажировкадан өтіп сол кезде менің жұмыс тәжірибеме ықпал жасады. 

Олжас Сәкенов Қазақстанда алған білімін шет елде толықтырып, АҚШ-тағы Пенсилвания университетінің магистрі атанды. Қазір әлемдік білім беру жүйесіндегі үздік тәсілдерді зерттеп, елімізге енгізудің тиімді жолдарын іздейді. Қазақ тілді аудиторияға ағылшын тілін үйрететін мобильді қосымша мен жаңа мамандықтардың атласын әзірлеуге өз үлесін қосып келеді. Оның айтуынша, президенттік кадрлық резервке іріктеу ашық әрі әділ өткен. 

Олжас Сәкенов, президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі:

- Алғашқы төртеуі онлайн түрінде болды. оның өте жақсы жақтары бар. Біріншіден объективті болатын. Ал одан кейін бесінші, алтыншы кезеңдерде офлайн болды. Мұнда топтық жұмыс, жалпы сараптамалық жағынан сенің еңбек тәжірибең бар ма? Өзіңді топтық жұмыста қалай көрсете аласың жалпы басқа да психологиялық жағынан қырынан осындай сарапшылар қадағалап баға берді. 

Президенттік кадрлық резервке енгелі Олжасқа мемлекеттік қызметке ұсыныстар түскен. Десе де әлі таңдау жасап, жұмысын ауыстыра қоймаған. Басты мақсатым білім беру жүйесіне озық тәжірибелер енгізіп, қоғамның барлық тобының лайықты білім алуына мүмкіндік жасау дейді өзі. 

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Өмірбек Ізімов

Хабар 24 телеарнасы