377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 5 трлн теңгеге жуық қаржыны құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген

  • 136
  • UPD: 10:37, 09.01.2020
Қазақстанда 5 трлн теңгеге жуық қаржыны құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген

2019 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру құны 4 трлн 909 млрд 820 млн теңгені құрады.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл көрсеткіш 2018 жылғы 11 аймен салыстырғанда 672 млрд теңгеге немесе 15,8 пайызға жоғары.

Оның ішінде өсімдік шаруашылығында 2 трлн 867,6 млрд теңгеге (өсім 19,1%), ауыл шаруашылығында 2, 03 трлн теңгеге(өсім 10,4%) өнім өндірілген.

Еліміздегі өсімдік өнімдерінің өндірісінде дәстүрлі түрде Солтүстік Қазақстан (475 млрд теңге), Алматы (472 млрд теңге), Ақмола (348 млрд теңге) және Түркістан (346 млрд теңге) облыстары көш бастап тұр.

Аталған өңірлер республика бойынша жалпы көлемдегі өндірістің негізгі өсуін қамтамасыз етті. Өндірілген өнімдердің басым көпшілігін дәнді дақылдар құрайды.

Мал шаруашылығында Алматы облысы (323 млрд теңге), Шығыс Қазақстан (281 млрд теңге) және Түркістан (243 млрд теңге) облыстары алдыңғы қатарда. Мал мен құс өндірісінде де тұрақты өсім көрсетіп отыр.

Айта кетсек, елімізде ауыл шаруашылығы саласында миллионнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылған.

Хабар 24 телеарнасы