412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысы Бекі ауылының тұрғындары депутаттармен кездесті

  • 548
  • UPD: 13:01, 09.01.2020
Маңғыстау облысы Бекі ауылының тұрғындары депутаттармен кездесті

Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен жүрген мәжілісмендер Бекі ауылының тұрғындарымен кездесті.

Халқы төрт түлік өсіріп отырған елді мекен Маңғыстау ауданының Оңды ауылдық округіне қарайды. Тарас Хитуов пен Сәкен Өтебаев Президент жолдауының басым бағыттарын түсіндіріп, көпшілік пікірін тыңдады. Елді мекендерге газ құбырын тарту, жолдарды жөндеу, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамтуға қаржыландырудың көзделгені ауыл азаматтарын қуантты. Жиында Бекі ауылын көркейтуге қатысты ұсыныс-пікір де аз болмады. Депутаттар елді мекенде жобасы дайын мектепті салу, су жүйесін жеткізу мәселелерінің шешілуін бақылауға уәде берді. Кездесу қоғамдық қабылдау шарасымен қорытындыланды. 

Тарас Хитуов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Бекінің басында ондай көп емес, 341 адам тұрады. Бастауыш мектеп бар. Тұрғындар тоғыз класстық мектеп салу ұсыныстарын көтерді. Оны біз аудандық, облыстық әкімшілікпен кездесіп, өзімізге түртіп алдық. Сосын су мәселесі де болды. Оны да шешетін мүмкіндіктер бар. Ұсыныстарымызды, пікірлерімізді тыңдаған соң соны орындауға кірісеміз.

Хабар 24 телеарнасы