419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан ГРЕКО мүшелігіне енген бірінші азиялық ел болды

  • 574
  • UPD: 14:16, 09.01.2020
Қазақстан ГРЕКО мүшелігіне енген бірінші азиялық ел болды

Қазақстан Еуропа кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына кірді.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты.

«2019 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы Еуропа кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына кіру туралы заң жобасын ратификациялауға қол қойды. Осылайша Қазақстан ресми түрде Еуропа кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) 50-ші мүшесі болды», – деді О.Бектенов.

Айтуынша, ГРЕКО-ға қосылу Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы шетелдік әріптестермен өзара іс-қимылын кеңейтудегі кезекті қадамы болмақ. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін одан әрі жетілдіру үшін Еуропа кеңесінің сарапшылық әлеуетін тартуға мүмкіндік береді.

ГРЕКО 1999 жылы құрылған. Құрамына 50 мемлекет кіреді. Соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Швеция, Норвегия, т.б. дамыған елдер бар. Сонымен қатар Ресей, Әзербайжан, Грузия, Украина елдері ГРЕКО-ға мүше болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы