419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Абайдың 175 жылдығы рухани тұрғыдан даму үшін атап өтіледі – Қ.Тоқаев

  • 1560
  • UPD: 13:46, 09.01.2020

«Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек» дейді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында.

Президент Ұлы ақынның «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңін мысалға келтіріп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын атап өтті.

«Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз. Ел дәулетті болу үшін ғылымды игеруге баса назар аудару керек. Ұлы Абайдың «пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» деген өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет» дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы өз мақаласында «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы осы бағыттағы игі бастамалардың бірі екенін де тілге тиек етті.

Хабар 24 телеарнасы