419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемге енді тарап жатқан «толық адам» формуласын Абай XIX ғасырда түсіндіріп кетті – ҚР Президенті

  • 1517
  • UPD: 14:01, 09.01.2020

«Абай жаңа қоғамның жанашыры болды. Қазақтың Ұлы ойшылы қазір әлемге тарап жатқан «Толық адам» формуласын сонау 19-ғасырдың өзінде-ақ түсінідіріп кетті» дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында әлеуметтік жауапкершілікке тоқталды.

«Бұл күрделі мәселенің шешімін Абайдың «Толық адамынан» іздеген жөн» дейді Президент. Себебі бұл - өзіне сенімді, ізгілік пен жақсылыққа ұмтылатын адамдарға ғана тән сипаттама.

«Абайдың толық адам тұжырымын қайта зерделеп, осы бағытта ғалымдарымыз тың зерттеулерді қолға алуы қажет. «Толық адам» концепциясы өміріміздің кез-келген саласында, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек деп есептеймін» - дейді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында Абай шығармаларына арқау болған тақырып - масылдықпен күреске де тоқталып өтті.

«Жұрт масылдық психологиядан арылып, қайраттанып еңбек етуге, талаптанып білім іздеуге ұмтылғаны дұрыс. Әр адам осы тұжырымдарды санасына берік тоқып, адал еңбегімен айналасына үлгі болуы керек» дейді Президент.

Хабар 24 телеарнасы