419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекеттің халыққа құлақ аса білуі – Абай айтқан әділетті қоғам құру шарты – Қ.Тоқаев

  • 1377
  • UPD: 14:13, 09.01.2020

Заң үстемдігін және қоғамдық тәртіпті сақтау баршаға ортақ міндет. Халықтың билікке деген құрметі болмаса – елдігімізге сын. Сондықтан азаматтарға, әсіресе жастарға мемлекетті сыйлаудың мән-маңызын түсіндіру қажет деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарық көрген мақалада. Осы ретте тағы да Абайдың мұрасына зейін қою қажеттігін алға тартады. 

«Менің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдамам дәл осы әділетті қоғам идеясын дамыту мақсатымен ұсынылды. Билік пен қоғам арасындағы сындарлы диалог мемлекетке деген сенімді нығайта түседі. Үкімет мүшелері, соның ішінде министрлер мен әкімдер мемлекеттік және қоғамдық маңызы бар мәселелерге қатысты шешім қабылдаған кезде азаматтардың ұсыныстары мен тілектерін ескеруі керек. Мұны Абай меңзеген әділетті қоғам қалыптастырудың бірден-бір шарты деп білемін.

Хабар 24 телеарнасы