Ұлттық мүдде, рухани қазынаға бай Абай мұрасы бүгінде кеңінен дәріптелу үстінде. Павлодардағы Сұлтанмахмұт Торайғыров университенінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Нартай Жүсіп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген мақаласына байланысты өз ойын ортаға салады.
- Абай әлемі сіз үшін қандай әлем?
- Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет деді - Президент. Сіздің пікіріңізді білсек.