377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақындар Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың жаңғыртылуын қолдайды

  • 133
  • UPD: 15:58, 09.01.2020

«Абайтану орталықтары» тек оқу орыны қабырғасында емес, өз алдына жеке болуы керек.

Белгілі абайтанушы Алмахан Ғабдуллинаның пікірі осындай. Ақынның айтуынша, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты жаңғырту идеясы қазақ руханияты мен әдебиеті үшін және күллі әлем жұртшылығы ұлттық болмысымызды тануы үшін керек дүние. 

Алмахан Ғабдуллина, абайтанушы:

- Бүгінгі мақала шыны керек менің оң жамбасыма түсті деп айтсам болады. Кәдімгідей шын қуандым. Өйткені осы салада талай есікті қақтым. Талай құзырлы органдарға бардым. Керемет талай ұлт болашағына арналған мақалалар жазылды. Солардың барлығына нақты жауап болмағаннан кейін, өзім іштей қамығып жүргенім рас еді. Бірақ бүгінгі мақала мені шын қуантты. Мақала ішіндегі Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың болмауы. Негізінде Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты 1962 жылы ең бірінші Тахауи Ахтановқа берілді. Соңғы рет 1992 жылы Қабдеш Жұмаділовке берілді. Содан кейін Абай атындағы мемлекеттік сыйлық тоқтап қалған болатын.

Хабар 24 телеарнасы