377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 8 оңалту орталығы мен қосымша 16 инклюзивті кабинет ашылады

  • 155
  • UPD: 18:17, 09.01.2020
Елімізде 8 оңалту орталығы мен қосымша 16 инклюзивті кабинет ашылады

Церебральды сал ауруына шалдыққан балалар үшін елде 8 оңалту орталығы мен қосымша 16 инклюзивті кабинет ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай орындар жұмыс істеп тұрған аурухана, емхана мен жалпы білім беретін мектептерде пайда болады. Жоба Тұңғыш Президент қоры мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының өзара әріптестігі аясында жүзеге аспақ. Мұндай көмек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» бағдарламасының негізінде жүзеге асады. Мақсат – сал ауруына душар болған балаларды оңалту. Инклюзивті білім беруге арналған кабинеттерді материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтау. Жоғарыда аталған орталықтарда жұмыс істеу үшін Тұңғыш Президент Қоры 171 оқытушы мен балаларды оңалту ісіне жауапты 49 маманды оқытуды қолға алады. Ал «Самұрық-Қазына» орталықты толықтай жабдықтап береді.

Әсет Исекешев, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры:

– Бұл іргелі іс. Осы істе бізбен «Самұрық Қазына» қорының серіктес болғаны қуантады. Ерекше күтімді қажет ететін балаларға барынша көмек көрсетіп, мақсаттарына жетулері үшін жан-жақты қолдау жасаймыз.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ «АҚ басқарма төрағасы:

– Осындай бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы біздің қор көмекке мұқтаж отбасыларға барынша жәрдемсеріне сенімдімін. Бұл – қиын жағдайға тап болғандар үшін әлеуметтік тұрғыда нағыз қамқорлық.

Хабар 24 телеарнасы