417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында пәтерді «жалға беретін» алаяқтар азаймай тұр

  • 385
  • UPD: 19:52, 09.01.2020
Ақмола облысында пәтерді «жалға беретін» алаяқтар азаймай тұр

Ақмола облысында 2019 жылы жылжымайтын мүлік нарығында, нақтырақ айтсақ, пәтерді жалға беруде 60 шақты алаяқтық дерегі тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Өкінішке қарай олардың тек жартысына жуығы әшкереленген. Ал ұсталғаны – небәрі 3 адам. Олардың екеуіне жәбірленушілер кешірім берген. Бір күдіктінің ісі қазір тергеліп жатыр. Мамандардың айтуынша, мұндай қылмыстарды ашу оңай емес. Себебі көп жағдайда алаяқтар пәтерді жалға алу үшін алдын ала төлемді электронды әмиянға аудартып алады да, ұшты-күйлі жоқ болады. Ал электронды әмиян заңды түрде тіркелмейді. Сондықтан күдіктіні анықтау қиын, - дейді криминалдық полиция басқармасының өкілдері.

Самат Сабыров, облыстық криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі:

– Мәселен, алаяқтар пәтерді жалға алуға іздеп жүрген адамдардан 10 мыңнан 30 мың теңгеге дейін алдын ала төлем жасауды сұрайды. Міне, азаматтар осы жерде алданады. Айталық, 1994 жылы туған күдікті қыз бала тек қана Ақмола облысының өзінде 20 шақты адамды осылай сан соқтырып кеткен. Ол Павлодар облысында ұсталды. Енді оның тағдыры сотта шешіледі.

 

Хабар 24 телеарнасы