423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы қоғамдық қабылдауда бірқатар мәселе шешімін тапты

  • 165
Алматыдағы қоғамдық қабылдауда бірқатар мәселе шешімін тапты

Мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева мен депутат Серік Құсайынов бүгін Алматыда қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халық мұнда негізінен баспана, көші-көн, көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығына қатысты сауалдар қойды. Қоғамдық қабылдауға сондай-ақ Nur Otan партиясы мен Алатау аудандық әкімшілік өкілдері де қатысып, кейбір түйткілді мәселелер сол жерде шешімін тапты. Ал тұрғындардың бірқатар арыз-шағымын Парламентте қараймыз дейді Гүлмира Исимбаева.

Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

– Мүгедектердің бір мезгіл алатын жәрдемақыны жеңілдету жолдарын, көптеген құжатты тапсыртпай, соны жеңілдету жолдарын қарастыруға болады деп отырмыз. Көптеген шағым коллекторлық қызметкерлердің үстінен түсіп отыр. Сондықтан біз осы коллекторлық қызмет туралы нормаларға аса назар аударуымыз қажет дейміз.

Ырысхан Бастаубаева, зейнеткер:

– Шаңырақ ықшам ауданының тұрғындарының атынан келіп отырмыз. Біздің мәселе – көшемізде ешқандай жарық жоқ. Осы уақытқа дейін болмаған да. Екінші мәселе – канализацияны өзіміздің күшімізбен әрқайсысымыз қостық. Бірақ әлі іске қосылған жоқ. Өзіміздің көзімізше, қоңырау соғып, қажетті адамдарға міндеттеп қойды. Және уәде берді.

Хабар 24 телеарнасы