412,28 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары баспанасыз қалды

  • 868
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары баспанасыз қалды

Шымкентте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары баспанасыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үй аламын деп жылдап қаражат жинаған 176 салымшы жаңа жылды өз шаңырағында қарсы алуды жоспарлаған. «Алайда көптен күткен үмітіміз ақталмады. Конкурсы өтіп, құжат жүзінде рәсімделіп қойған баспанамызды жергілікті әкімдік алып қойды. Тіпті оны жергілікті билік әп сәтте жас мамандарға үлестіріп берген», - дейді тұрғындар. Әкімшілік іскерлік орталығы маңында салынып жатқан № 7,8,13 және 14-көп қабатты үйлерді банк салымшылары қазан айынан бері жағалап жүр. Кейбіреуі үйдің бастапқы 20 процент соммасын жинақтау үшін өзге банктерден несие алғандарын айтады.

Сапаркүл Бекет, банк салымшысы:

– Пәтерімізді, қабатымызды таңдадық. Бұл жақпен келісімшартқа отырамыз. Бізге әрі қарай банк айына 70 мыңнан 10 жыл құясыз деп келісімшартқа нақты жауап береді. Желтоқсанда беріледі деп уәде береді. Бізге интернет арқылы ескерту бермейді. Ескертусіз келеді де, келісімшарт бұзылады. 7-8-14 үйлердің Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен алынған салымшылардың өтініштерд алынып тасталады. Ол үйлер жас отбасы жасы 29-30 ға дейінгі жанұяларға беріледі деп әкімдіктен бұйрық келді дейді. Естігенде таң қалдық.

Құдайберген Сейітмамбетов, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі филиалының директоры:

– Барлық мүмкіндікті жасадық. Бірақ әкімшіліктен хат келгеннен кейін...

Ербол Садыр, қала әкімінің орынбасары:

– Қазір үйдің бәрі жастар мен көп балалы аналарға бағдарламаға сәйкес таратылған. Ол үйлердің барлығын қайтарып беруге ешқандай негіз жоқ. Әкімшілік сондай шешім қабылдаған. Одан кейін екі үй бойынша қаңтар айында жоспарлап отырмыз, яғни 112 пәтерлі екі үйді қаңтар айында бітіріп береміз.

Хабар 24 телеарнасы