425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 44 мың кәсіпкер салықтық рақымшылыққа ілікті

  • 451
  • UPD: 08:57, 10.01.2020
Елімізде 44 мың кәсіпкер салықтық рақымшылыққа ілікті

Еліміздегі 1,5 млн-ға жуық жеке тұлға салықтық рақымшылыққа ілікті.

Олар негізінен көлік, жылжымайтын мүлік және жер салығы бойынша берешегі барлар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске салайық, жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасауды көздейтін заң биыл жазда күшіне енді. Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов шағын және орта бизнес өкілдері де бұл бастамаға аса қызығушылық танытқанын атап өтті. Тіпті бұған дейінгі қарыздарын өтеп, қайта есеп беріп, кешірім алғандар да бар. Нәтижесінде салықтық берешегі бойынша өсімпұл мен айыппұлы еселеніп кеткен 44 мың кәсіпкердің бұғатталған есепшоттары ашылып, жұмыстары қайта жанданды.

Берік Шолпанқұлов, ҚР Қаржы министрінің бірінші орынбасары:

- Салықтық рақымшылыққа ілінген салық төлеушілердің жалпы саны 44 мыңнан асты. Төленген берешек сомасы – 18,4 млрд теңге. Алынған өсімпұл мен айыппұл – 6,5 млрд теңге. Салық рақымшылығына іліккен 6000 кәсіпкер Алматы қаласынан. Түркістан, Алматы облыстары мен елордалық кәсіпкерлер де белсенділік танытты.

Хабар 24 телеарнасы