377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда браконьерлерден 226 миллион теңге өндірілді

  • 104
  • UPD: 09:25, 10.01.2020
Атырауда браконьерлерден 226 миллион теңге өндірілді

№2 Атырау қалалық соты заңсыз балық аулаған екі азаматқа қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетсек, Каспий теңізінде браконьерлікпен айналысқан бұл екі азамат былтырғы жылдың 5 қыркүйегінде қолға түскен болатын. Ұсталған кезде олардан салмағы 264 келі болатын 92 бекіре балығы мен 300 метрлік ау-құралы және моторлы қайық тәркіленген болатын. Бүгінде браконьерлердің қылмысы толықтай дәлелденіп, заң жүзінде жазаларын алды. Сотталушылардан мемлекет пайдасына 226 миллион 700 мың теңге келтірілген залал үшін және 2 миллион 200 мың теңге мемлекеттік баж салығы өндірілді.

Боранбай Ғалиев, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

- Атырау қалалық нөмірі 2 сотының үкімімен Артур Шарагузов және Азамат Кенжеғалиев ҚР ҚК 335-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысына 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-нің 63-бабына сай тағайындалған жазаны шартты деп танып, пробациялық бақылау белгіленді.

Хабар 24 телеарнасы