376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінде баспана алу жолдары жеңілдетілді

  • 98
  • UPD: 09:31, 10.01.2020
Ертіс өңірінде баспана алу жолдары жеңілдетілді

Пилоттық жобаға әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылар мен мемлекеттік сала қызметкерлері қатыса алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларға бюджеттен несие ретінде 1 млн теңгелік сертификат беріле бастады. Қолжетімді баспана «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар жаңа механизм бойынша алғашқы жарнаны осы қаржымен жаба алады. Ол үшін жұмыс комиссиясына арнайы құжаттар тапсыру керек. Мамандардың мәліметінше, пилоттық жоба бойынша биыл бюджеттік несиелерге 100 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Айта кетейік, былтыр Павлодар облысында 200 мың шаршы метрден астам баспана қолданысқа берілді. Бұл – өңір үшін рекордтық көрсеткіш.

Лариса Кузьменкова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары:

- Қайтарымсыз негіздегі көмек бір адамның кірісі 42 500 теңгеден аспаған жағдайда беріледі. Ал кіріс бұл сомадан асса, тұрғындарға бюджеттік несие түрінде көмек көрсетіледі. Ол қайтарымды. 15 жылдық мерзімге 0,01%-пен беріледі. Бұл жоба «7-20-25» бағдарламасының қатысушыларына арналған.

Хабар 24 телеарнасы