376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Минскіден Ақтау, Қарағанды, Павлодар және Қостанай қалаларына әуе қатынасы ашылады

  • 148
  • UPD: 10:48, 10.01.2020
Минскіден Ақтау, Қарағанды, Павлодар және Қостанай қалаларына әуе қатынасы ашылады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жаңа халықаралық бағыттарды ашу жөніндегі тапсырмасы аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті жүйелі жұмыс жүргізуде.

2019 жылғы желтоқсанда Акаба (Иордания) қаласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы аясында ұйымдастырылатын әуе қатынастары туралы келіссөздер жүргізу бойынша жыл сайынғы кезекті конференциясында (ICAN 2019) комитет пен Беларусь Республикасының авиациялық биліктерімен қол жеткізілген уағдаластықтарына сәйкес «Белавиа» әуе компаниясы Қазақстан қалаларына бірқатар рейс ашады.

Қазіргі уақытта әуе компаниясы 2020 жылдың жазына дейін орындалатын Минск – Ақтау, Минск – Қарағанды, Минск – Павлодар және Минск – Қостанай рейстеріне әуе билеттерін сатуды бастады. 

Қазіргі уақытта «Белавиа» әуе компаниясының ұшақтары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына жыл бойы әуе қатынасын орындайды.

Биыл шілде айынан бастап Минск – Алматы бағытындағы рейстер күн сайын қатынайтын болады.

Ақпарат көзі: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы