379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат депутаттары Шымкенттегі ұстаздармен кездесу өткізді

  • 221
  • UPD: 11:33, 10.01.2020
Сенат депутаттары Шымкенттегі ұстаздармен кездесу өткізді

Сенат депутаттары Парламент қабылдаған заңдарды түсіндіру аясында аймақтарға сапарын жалғастыруда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шымкентке арнайы ат басын бұрған халық қалаулылары қаладағы ұстаздармен кездесу өткізді. Басқосу барысында Қазақстан Президентінің халыққа арнаған Жолдауында айқындаған міндет-мақсаттар мен «Педагог мәртебесі туралы» заңның ерекшеліктері талқыланды. Ұстаз мәртебесін жоғарылатқан құжатта негізгі көтеріліп отырған мәселе – олар тек оқушыға білім мен тәрбие беру қажет. «Түрлі жүктемелерден педагогтарды босату, сондай-ақ мұғалімдерді күштеп газет-журналдарға жаздыру жайы жаңа заңда көрсетілгендей қатаң түрде тыйым салынады», - деді Сенаттың вице-спикері Бектас Бекназаров. Педагогтар мәртебесі жайындағы заң жобасы 11 қаңтардан бастап күшіне енеді. «Енді заңға сәйкес ұстаздарға күш көрсетіп, қол көтергендер де жазаға тартылатын болады», - деді сенаторлар. Заң аясында мұғалімдер үшін тағы бір жағымды жаңалық бар. Алдағы уақытта елімізде «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік марапатын бекіту көзделіп отыр.

Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:

- Мемлекеттің қазіргі ұстанатын саясатының бірі бейбітшілік болатын болса, екіншісі елдің ішіндегі тәртіппен тәрбие мәселесі. Ол үшін не істеу керек? Ол үшін ең алдымен ұстазды жөндеу керек. Сондықтан осы заң осыған меңзейді осыған әкеле жатыр. Қазақтың балаларының бойында керемет қасиет пен дарын жатыр. Біздің қанымыз таза. Біздің тегіміз таза. Ал осыны дамыту, осыны көтеру, жеткізіп жіберу бұл сіздердің мойындарыңызда тұрған мәселе.

 

Хабар 24 телеарнасы