422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы зообағы жаңадан туған теңбілшерді Австралия деп атады

  • 489
  • UPD: 13:17, 10.01.2020
Алматы зообағы жаңадан туған теңбілшерді Австралия деп атады

Бұл есімді әлеуметтік желі қолданушылары ұсынған.

Зообақ басшылығы оқырмандар тарапынан көп атаулар келіп түскенін, алайда соның ішінде екі адамның ұсынысы қатты ұнағын жеткізді.

«Кішкентай ягуарымызға жаңа есім таңдадық! Құрал Лесбеков есімді азаматтың ұсынысы бойынша біз кішкентай ягуарды Австралия деп атауды жөн көрдік. Шет құрлықтағы қиын жағдайға бәріміз де қанықпыз. Алапат өрттен жан-жануарлар қырылып жатыр. Ал Австралия есімді мына кішкентай жыртқыш қоршаған табиғатымызды қорғау баршамыз үшін қаншалықты маңызды екенін еске салып тұрмақ», – деді ол.

Бұған дейін, Алматы зообағында ягур күшіктегенін жазған едік. Австралиядағы орман өртінен өлген жануарлар саны 1 млрд асып кеткенін де хабарлағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы