425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында 256 келі тағам өнімі сатылымнан алынды

  • 632
  • UPD: 13:29, 10.01.2020
Қызылорда облысында 256 келі тағам өнімі сатылымнан алынды

Қызылорда облысында талапқа сай емес 256 келі азық-түлік сауда сөрелерінен алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағам өнімдері арасында ең көп сәйкессіздік ет, сүт және кондитерлік өнімдердің үлесінде. Сараптамаға алынған 91 алкогольсіз энергетикалық сусындардың 7-еуі талапқа сай болмай шықты. Олардың таңбалануы дұрыс емес. Сондай-ақ құрамында кофеин мен құрғақ қоспалар нормадан көп болған. Тауарлардың сапасына мониторинг жүргізу шеңберінде өткен жылы сауда объектілерінен отандық және шетелдерде өндірілген 3 мыңдай азық-түлік өнімі сатып алынып, сараптама жүргізілген болатын.

Шарбану Исламова, облыстық тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы:

-Заңнамаға сәйкес ұйғарымдар берілді. Және жоспардан тыс тексерулер тағайындалып, 2 млн 726 мың теңге айыппұл салынды. Ұйғарымды орындамаған тұлғалардың 11 ісі сотқа жолданып, соттың шешімімен 1 млн 800 мың теңге айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы