419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


МӘМС: Маңғыстау облысы тұрғындарының 95% қамтылған

  • 765
  • UPD: 14:44, 10.01.2020

Маңғыстау облысы тұрғындарының 95%-і міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен қамтылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде сақтандырудың жаңа жүйесін енгізуге қазынадан 38 млрд 800 млн теңге бөлінген. Аймаққа арнайы жұмыс сапарымен барған Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев өңірдің жаңа жүйеге дайындығын тексерді. Жұмыс тобы мемлекеттік және жекеменшік клиникаларды аралап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстарының сапасын қарап шықты. Облыстағы халық ең көп шоғырланған Мұнайлы ауданындағы жалғыз емхана 7 елді мекенге қызмет көрсетеді. Онда 117 мың адам тұрады. Емханада бір күнде 250 пациентке күндізгі стационар мен амбулаториялық көмек көрсетіледі. Жаңа жүйенің артықшылығы көп. Көптеген медициналық көмек тегін көрсетіледі. Тұрғындардан талап етілетіні – тұрақты тіркелген емханаға бару ғана.

Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

Бұрындары, мысалы, КТ, МРТ, онкология дәрілері олар негізгі кепілдендірілген пакетке кірмейтін болса, қазір медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына жаңа пакет кіретін болады. Азаматтардың 15 категориясы бар. Мүгедектер, балалар, жүкті әйелдер, оларға түгелімен кеңейтілген пакет тегін көрсетіледі және бірінші емханаларға келіп, дәрігерге барып, жолдама алатын болса, барлық госпитализация, қымбат операциялар бәрі тегін көрсетіледі.

Жанар Досжанова, Мұнайлы аудандық емханасы директорының міндетін атқарушы:

Бізде 2019 жылы 3189 адам тіркелген болатын. Олардың 1877 тіркелмеген, статусы анықталмаған. Үйлерінде болмай қалады, обходпен барғанда, көрсетілген мекенжайында болмай қалады. Немесе басқа жаққа көшіп кетеді, осы мекен-айда тіркелгенімен, басқа жерде тұрып жатқан болады. Қазір жұмыс жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы