377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада әлеуметтік маңызы бар тауарлар құнына мониторинг жүргізілуде

  • 121
  • UPD: 13:51, 10.01.2020
Елордада әлеуметтік маңызы бар тауарлар құнына мониторинг жүргізілуде

Қысқы маусымда қаладағы әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру және баға өсімін алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы тарапынан үнемі бақылау жүргізіліп отырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бас қаланың сауда нүктелерінде жүргізілген мониторинг негізінде «Астықжан» және «КеңМарт» сауда орталықтарында картоп пен сәбіздің бөлшек саудадағы бағасы – 78 теңгеден, пияз – 73 теңгеден, қырыққабат 93 теңгеден белгіленді. Белгіленген бағалар қаладағы «Шарын», «Алаш» секілді ірі базарлардың орташа көтерме бағасына сәйкес келеді. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және басқарма бақылауына алынған.

Хабар 24 телеарнасы