376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғарифолла Есім: Абай – әлемдік дәрежедегі адамзатқа ортақ тұлға

  • 133
  • UPD: 14:45, 10.01.2020

Абай – адасқандарды жөнге салып, тура жолға сілтейтін тұлға. Сондықтан ол адамзат баласына ортақ.

Философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есім осылай дейді. Оның айтуынша, ұлы ойшыл тек өз ұлтының ғана емес, тұтас адамзаттың тура жол таңдауына үлес қосып кетті.

Ғарифолла Есім, философия ғылымдарының докторы, профессор:

Адасқан қауымды жөнге салатын үш тайпа ел бар. Біреуі пайғамбарлар, екіншісі әулиелер, үшінші хәкімдер. Міне, Хәкім Абай. Адамзаты жөнге салушы хәкімнің бірі Абай. Сондықтан біз Абайдың 175 жылдығын тойлап отырмыз. Абай әлемдік дәрежедегі адамзатқа ортақ тұлға. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», дейді. Ондай сөзді айту үшін ыстық қайрат, жылы жүрек, нұрлы ақыл керек.

Хабар 24 телеарнасы