419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесті

  • 467
  • UPD: 18:29, 10.01.2020

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары жалғаса береді.

Ақтөбелік ауыл тұрғындарымен кездескен Мәжіліс депутаттары осылай деді. 5 қаңтардан бері өңірде жүрген Глеб Щегельский, Құралай Қаракен, Сергей Симонов және Асылбек Смағұлов елді мекендерді аралап, ауылдағы ағайынның тұрмысымен танысты. Кезекті сапарын Қобда ауданына арнаған депутаттар асыл тұқымды ірі қара өсіретін серіктестіктің жұмысын көрді. Мұнда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша сатып алынған 200-ден астам ірі қара бар. Болашақта репродуктивті шаруашылық пайда болып, өңірдегі мал тұқымын жақсартуға үлес қоспақ. Депутаттар мұндағы жұмысшылармен жүздесіп, осы тектес қожалықтарға субсидия бөлу, түрлі бағдарламаға қатысу тәртіптерін түсіндірді. Кейін «Әлия» ауылының тұрғындарымен кездесіп, сауалдарына жауап берді. Мұнда жағдайы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек және жәрдемақыларды тағайындаудың жаңа ережелерін түсіндірді.

Құралай Қаракен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Аймаққа жасаған сапарымыздың барысында көптеген жұмыстардың атқарылып жатқанын көріп отырмыз. Әсіресе атаулы әлеуметтік көмек тағайындау ісімен айналысатын мамандар бар. Арнайы орталықтар өтініштер қабылдауға кіріскен ал, шалғай ауылдарда әкімдіктер құжаттарды тіркейді. Айта кететіні, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіле береді. Ал төрт және одан да көп баласы бар жанұяларға мемлекеттің әлеуметтік жәрдемақысы қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы