376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әр саладағы проблеманы Абай шығармалары арқылы зерделеуге болады – Д.Мыңбай

  • 81
  • UPD: 20:37, 10.01.2020
Әр саладағы проблеманы Абай шығармалары арқылы зерделеуге болады – Д.Мыңбай

Абайдың таңдаулы шығармалары көбірек жарық көрсе құба-құп. Мұның әсіресе жастарға пайдасы мол. Себебі Абай мұрасынан бүгінге дейін 1 ғасыр уақыт өтті. Сол аралықта адамдардың санасы өзгерді. Ең бастысы, ұлы ойшылдың туындыларын саралағанда санына емес сапаға мән бергеніміз жөн дейді Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай.

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мемлекет басшысының бұл мақаласы шындығында да үлкен бір ой тудырып отыр. Мен ойлаймын бұл бірінші кезекте Абайдың мәтіні текстологиясын қалпына келтіруіміз керек. Сондай ұғымды қалыптастыруымыз керек. Президент айтып өткендей, «Абай ұлтымыздың темірқазығы» - демекші барлық саланың мамандары өздерінің проблемаларын Абайдың шығармалары арқылы зерделеуі керек ғой деп ойлаймын. Зайырлы қоғамды былай қойғанда медреселерімізде имамдарымыздың уағыздарында Абайдың шығармалары насихатталуы тиіс деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы