378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдегі жұмысқа жіберуге адам басынан 3 мың доллардан жинаған алаяқ сотталды

  • 123
  • UPD: 20:41, 10.01.2020

Алматыда 60 адамды алдаған алаяқтың ісі сотта қаралды. Айыпталушы Ольга Кузьмищева бірнеше азаматты Еуропа елдеріне жұмысқа орналастырамын деп уәде еткен.

Сөйтіп сыбайлас топ құрып, қала орталығынан кеңсе жалдаған. Жалған құжаттарға қол қойғызып, әр адамнан орта есеппен 3 мың АҚШ доллары көлемінде ақша жинапты. Содан Дания мен Норвегияға баратын визалар рәсімделген. Алайда, жат жерге аттанғандар алданғандарын кеш түсінеді. Елге оралған соң да өз ақшаларын қайтарып ала алмай, полицияға арызданған. Тек Алматының өзінде алаяқ әйелдің арбауына 60 адам түскен. 

Әйгерім  Бөлекбаева, жәбірленуші:

- Мен визалық орталыққа келгенімде ол болмай шықты. Тек жалған құжат жасаған адамдар ғана болды. Ол агенттіктің өзі де, менің Еуропаға баратын жолсапарым да барлығы өтірік болып шықты.

Хабар 24 телеарнасы