377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«104» қызметі автобусқа арналған жолмен жүруге рұқсат сұрап отыр

  • 122
  • UPD: 21:10, 10.01.2020

Мұндағы диспетчерлік орталыққа күніне 30-дан астам қоңырау түседі.. Хабарлама бірден апаттық бригадаларға жіберіледі. Ал ондағы мамандар оқиға болған жерге аттанады. Ереже бойынша 104 апаттық қызметі ең шалғай деген аумаққа 40 минутта жетуі керек. Көп жағдайда тиісті мекен-жайға жылдам жетуге жолдағы кептеліс кедергі. Ондағы көлік жүргізушілерінің айтуынша, жедел жәрдем мен таксилер секілді газ қызметіне де  автобус жолағымен жүруге рұқсат етілсе, ол тек жұмыс сапасын арттыруға септігін тигізер еді.

Азамат Шәйсұлтанов, көлік жүргізуші, слесарь:

- Біз автобус жолағымен жүре алмаймыз. Сол үшін жол ережесін бұзуға тура кеп жатады. Буслайн жолағымен жүріп, жылдамдықты артырған кездерім де болды Осының барлығы жұмыс бабымен екенін кімге барып айтам. Өз басым бірнеше рет айыппұл төледім.    

Апаттық қызметтің өкілдері бұл жолы газ иісі шығып жатыр деген аумаққа 15 минуттың ішінде жетіп, құбырдың ақауын қалпына келтірді. Жалпы елордадағы газ қызметі мыңға жуық  көп пәтерлі тұрғын үйдің газ тарату жүйесіне жауапты.  Қажет болған жағдайда кіреберістегі газ құбырларының қосалқы бөлшектерін де  ауыстырады.

Мейіржан Сәрсенбаев, газ қызметі мекемесінің басшысы:

- Газгольдерлерден подъезге дейінгісін біз қамтамасыз етеміз. Үйде немесе прдъезде газ иісі шыққан жағдайда біздің бригада барып тексеріп қайтады.00601 Қыста ақау деп айта алмаймыз температураның өзгеруіне байлансты суық болда, кейде жылып кетеді. Сол уақытта конденсат деп айтамыз. Су жиналады. Ол ақау емес. сол кезде біз тез барып қызмет көресетеміз. 

Елордадағы газ қызметі мекемесінде 40-қа жуық маман жұмыс істейді. 2 апаттық бригададан өзге 2 эксплуатациялық топ және бар.  Мамандар 4 ауысыммен  тәулік бойы тегін қызмет көрсетеді. Апатқа жауапты топтағы жұмысшылардың ең аз дегендегі еңбек өтілі бес жыл. Алды 20-30 жылдан бері еңбек етеді. 

Александр Ключников, слесарь:

- Түрлі шақыртулар алып жатамыз. Бірде барсақ бала газ  плитасының қақпағына шығып плитаны аударып тастаған. Абырой болғанда балаға ештеңе болмапты. Біз  кіреберіске дейінгі газ тарату жүйелеріне жауаптымыз. Ал, подъез бен пәтер ішіндегі қауіпсіздікке өзге мекемелер жауапты.  Бірақ кейде  осындай оқиғаларға куә болып жатамыз. Газдың иісін басқамен шатасырып қоңырау шалатындар бар. Әрине барамыз. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп қайтамыз. 

Бас қаладағы 346 газгольдердің барлығы оң жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында орналасқан. Жалпы газ құбырының ұзындығы 130 шақырымға жуық. Ал «104» қызметі, мұндағы кәсіпқой мамандар осы осы газгольдерлер мен құбырларға қатысты шақыртуларды күндіз-түні қабылдауға дайын.

Хабар 24 телеарнасы