377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда газ тартылып жатқан үйлердегі қауіпсіздік тексерілді

  • 86
  • UPD: 21:28, 10.01.2020

Тұрмыстық газдың қаупі көбейіп барады. Былтыр бір ғана Алматы облысында осындай жағдайдан 7 рет жарылыс болған. Ал өткен он күннің ішінде екі оқиға тіркелді. 

Енді өңірдегі төтенше жағдайлар қызметі газ тартылып жатқан үйлердегі қауіпсіздікті тексеріп жатыр. Тіпті кей отбасыларға дабыл қондырғысын орнатып берген.

Міне 00-де тұр. Ыс көтерілгенде бірден сигнал береді. Сол кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау керексіздер. 

Қауіпсіздік құрылғысы Көктал ықшам ауданында тұратын Айжан Бұршақбаеваның үйіне орнатылды. Әжейге оны қолдану ережесі де түсіндірілді. Зейнеткер енді пешті түнгі уақытта тексермейтін болдық дейді. 

Айжан Бұршақбаева, қала тұрғыны:

-Түнде біз от жақпаймыз. Түнге қарай жаққанға қорқатынбыз. Қауіпсіздік белгісін орнатып жатырсыңдар. Енді осыған сенетін шығармыз деген бір ойдамын. Енді алаңдамай ұйықтайтын шығармыз деп ойлаймын. 

Әулеттің ұйытқысына айналған кейуана күніне екі рет от жағып, үйін жылытады екен. Сала мамандары пештің алдына қаңылтыр қағылмағанын ескертіп, сақтық шараларына баса мән беру керектігін айтты.  

Пеште мынандай жырық болмауы керек. Ыс шығады. Сосын пештің жанына ағаш қоюға болмайды. Бықсып өртеніп кетеді. 

Азамат Жұртбаев, облыстық ТЖД ресми өкілі:

- 20 мыңнан астам отбасыға улы газды анықтау құрылғылары орнатылған. Ол үйлерде біздің қызметкерлер қауіпсіздік ережелерін түсіндіруде. Жаңағы жырақтары болмауы керек. Пештің алдында қаңылтыр болуы керек. Деген сияқты түсіндіру жұмыстары атқарылуда. 

ТЖД қызметкерлері жауапты мердігер мекеме өкілдерімен табиғи газ тартылып жатқан үйлерді де аралады. Былтыр қалада 6 мыңнан аса абонент көгілдір отынға қосылса, биыл олардың саны 10 мыңға жеткізілмек. Барлығына да арнайы стандарт негізінде бекітілген қауіпсіздік талабы қойылады.  

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Көгілдір отынға қосылған үйлердегі қауіпсіздікті қамтамассыз ету мақсатында мынандай екі дабыл қондырғысы орнатылып жатыр. Оның бірі газға екіншісі ысқа арналады. Осы екі құрылғы іске қосылған жағдайда сырттан келетін газ бірден автоматты түрде тоқтатылады. Ал оны қайта іске қосу тексеру мердігер мекеме есебінен тегін жүргізіледі. 

Айдын Татарханов, газ тарту мекемесінің бөлім басшысы:

- Күніне шамамен 170 шақырту түседі. Соның оны газдың шығуына байланысты. Біздің мамандар барып тексергенде газ үйден емес, сырттағы қораптың қатып қалғаны анықталып жатады. Егер құбырда немесе бекітпесінен газ шықса біз жасап береміз. 

Соңғы екі жылда Алматы облысында 40-тан аса адам ыстан уланған. Қауіптің алдын алу үшін ТЖД өкілдері үйлерді аралап, қауіпсіздік ережелері жазылған ақпараттық парақшаларды таратуда. 

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы