377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хакермен күресуге қауқарлы жігіт – президенттік кадрлық резервтің жеңімпазы

  • 89
  • UPD: 22:15, 10.01.2020

Киберқауіпсіздіктің тілін білетін сақа мамандар біз де аз емес. Солардың бірі Михаил Асапов, қазір елімізде жасақталған Президенттік жастар кадрлық резервінің жеңімпазы. 

Михаил Асапов - Президенттік жастар кадрлық резервне іліккендердің бірі. Іріктеудің алты кезеңінен де сүрінбей өткен жас маман, ел болашағы үшін аянбай еңбек етуге дайынмын, - дейді. Бір басына жетер білімі бар. Қазақстанда алған ілімін шет елде жетілдіріп, «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тағы Мичиган университетінде саяси ғылымдар магистрін тәмамдаған. Қазір құқық қорғау саласындағы ірі жобалармен айналысады. 

Михаил Асапов, президенттік жастар кадрлық резервінің жеңімпазы:

- Мен соңғы тоғыз жылда Еуропадағы және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінде жұмыс істеп келемін. Шынымды айтсам, бұл менің арманым болатын. Әскери-саяси және ұлттық қауіпсіздік салаларында халықаралық жобаларды жүзеге асыруға атсалысамын. Болашақта одан да үлкен жобалармен Қазақстанды әлемге танытсам деймін.

Михаил қазір әлемдік қауіпсіздік саласындағы үздік тәсілдерді зерттеп жүр. Әсіресе киберқауіпсіздік жобаларын жүзеге асыруға ниетті. Айтуынша, жаһандық бәсекелестікке төтеп беру үшін осы саланы мықтап дамыту қажет. Қазір кибер шабуылға тосқауыл бола алатын қуатты мемлекетке айналып келеді. 

Михаил Асапов, президенттік жастар кадрлық резервінің жеңімпазы:

- Мен президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі атанғаныма өте қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен жетістік. Жоба маған зор ерік-жігер сыйлады. Бұл тұрғыда менің білімім мен тәжірибем жеңді деп ойлаймын. Себебі мен бар ынтам мен зейінімді сапалы жұмысқа арнаймын.

Кейіпкеріміз сұхбат барысында мақсатының айқын екенін аңғартты. Еліміздің қауіпсіздік жүйесіне озық тәжірибелер ұсынуды көздейді. Ғаламшарда қауіптілігі жағынан ядролық қарумен пара-пар киберқылмыс өр­шіп тұрған шақта, елімізге де заманауи жүйелер қажет дейді ол.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы Өмірбек Ізімов

Хабар 24 телеарнасы